АҚШ банк жүйесінде өте биік лауазымға үміткер қазақ қызы Сәуле Омароваға сенаторлардың алдында ақталуға тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандағы Орал қаласының тумасы Сәуле Омарованы жауапты қызметке АҚШ президенті Джо Байден ұсынып отыр. Нақтырақ жазсақ, қандасымыз, Қаржы министрлігіндегі валюталық бақылау басқармасының басшысы болуы мүмкін.
Республикалық партиядан сайланған сенаторлар 55 жастағы үміткерге сұрақты жаудырып бақты. Мәселен сенатор Джон Кеннеди Сәуле Омарованың жас кезінде комсомол болғанына тиісті. Оған жауап қайтарушы КСРО кезінде көп қатарластары комсомол ұйымына мүшелікке енгенін келтірді.
«Сенатор, мен коммунист емеспін, бұл идеологияны ұстанбаймын. Қайда туатынымды таңдай алмадым», – деп түсіндірді үміткерлігін қорғаушы.
Өзге де республикалық партия өкілдері профессор Сәуле Омарованың идеялары қатаң бағытта екенін айыптады. Олар банк жүйесін ұлттандыру, бағаларға мемлекеттік бақылау енгізу сынды ұсыныстардың социалистік көзқарасқа ие екенін жеткізді.
Демократ Элизабет Уоррен болса, республикандықтарды ірі банктердің атынан қаралаумен айналысып жатыр деп есептейтінін жайып салды.
Егер әйгілі Ломоносов атындағы Мәскеу университетін бітіріп, Қазақстан енді тәуелсіздік алған 1991 жылы АҚШ аумағына қоныс аударған Сәуле Омарова тиісті қызметке тағайындалса, оның бір жарым ғасырлық тарихындағы алғашқы әйел басшысы болмақ.