Нобель комитеті: Әйелдер үшін арнайы квоталар болмайды

Ulysmedia

Филиппин журналисі Мария Ресса – биыл Нобель лауреаты атанған жалғыз әйел. Ол әлемдік сыйлықты ресейлік әріптесі Дмитрий Мұратовпен бөлісті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Бақылаушылар осы фактіні атап өтті және Нобель комитеті лауреат әйелдер лауреат ерлерге қарағанда әрдайым біршама аз болады деп өкінішін білдірді. Бірақ гендерлік немесе қандай да бір басқа белгі бойынша квоталар енгізбейтінін мәлімдеді, дейді euronews.com.

«Бізге бір жылдары сыйлықты тек әйелдерге беру ұсынылған болатын. Бірақ меніңше, онда әйелдер өз саласында үздік болғаны үшін емес, әйел болғаны үшін ғана сыйлық алды деп қабылданады деп қорқамын», - деді Швеция ғылымдар академиясының бас хатшысы Горан Ханссон.

Әйелдер 120 жылда тек 59 Нобель сыйлығын алыпты. Бұл 6%-дан сәл асады екен.