Полиция қазір 41 жастағы тәрбиешіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның хабарлауынша, қалалық басқармаға жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен.
Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
- Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде. 41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданған.