Оралдағы оқыс жағдай жайлы жергілікті “Мой город” басылымы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға 26 қарашада болған. Әйел Назарбаев көшесіндегі №236 үйдің қасынан өтіп бара жатқан. Алған жарақатынан тіл тартпай кеткен.
Оқыс оқиғаның мән-жайын қазін жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жедел тергеу тобы зерттеп жатыр. Полиция болған оқиғаны жіті тергеуге алған.