Шымкент әуежайын қазақстандық инвесторға береді

Ғалиасқар Думан

Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент әуежайын қазақстандық инвесторға беру жөніндегі келіссөздер жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Шымкент әуежайы неге сауда-саттықтан алынды

Шымкент әуежайы 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарынан шығарылады.

Марат Қарабаевтың сөзінше, инвесторды тарту үшін әуежай сатылымнан алынып тасталған.

– Яғни, жекешелендіруге емес, инвесторға беріледі. Бұл нақты инвестор хақында айтылған сөз, – деді ол.

Инвестормен келіссөз

Министрдің айтуынша, Шымкент әуежайының жанында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

– Біз қазір әуежайды белгілі бір отандық инвесторға беру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сонда бәрі бір кешенде болады, – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айында Шымкент әуежайы сатылымға шығарылған еді.