Жамбылдық шенеунік құмар ойынның құрбанына айналды

Оралхан Қожанов

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері құмар ойынға ақша алу үшін туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға үгіттеген. Оның сөзіне сенген жақындары 200 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Жастар саясаты бөлімінің бұрынғы қызметкеріне "Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған" деп айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл дәлелдемелерді толығымен сұрап, сараптама жүргізді. Айыпталушы бәс тігуден 500 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңге болды,- деді прокурор Аяла Құдайберген.

Ділмұрат Хамрақұлов 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды, - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.