Алматыда қарақшылар сингапурлықтардың 13 мың долларын тартып алған

Оралхан Қожанов

Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Otyrar

Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды.

"Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің “олжасы” 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны", - дейді ведомство.

Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді адам, бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.

"Қылмысты ұйымдастырушы зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы білген. Оқиғаны анықтауда бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.