Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті

Оралхан Қожанов

Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Марқұмдардың денесі Ақсу көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен табылды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, екі адамның да мойны кесілген. Полиция бұл туралы жан-жақты ақпарат берілмейтінін айтты.

"Қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полициядағылар.