Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылған. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиынға соққан. Себебі, үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады.
"Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:
– электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
- жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;
- электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;
- үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;
- балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.