Отарда әскерилер төбелескені үшін қамауға алынды

Оралхан Қожанов

Отардағы гвардиялық гарнизонның әскерилері жаппай төбелеске қатысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Оқиға 1 қаңтарда болған.

"Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алды. Қылмыстық істі тергеу барысында жаппай төбелесте гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері болғаны анықталды", - дейді ведомство.

Қылмыс жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Оның екеуі әскери қызметкер. Қазіргі күні екеуі де уақытша қамауға алынды. Тергеу жүріп жатқандықтан басқа ақпарат жария етілмейді, дейді министрлік.