Семейдегі цемент зауытынан өрт шықты

Оралхан Қожанов

Семейдегі цемент зауытында транспортер таспасы жанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Абай облысының ТЖД

"Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды", - дейді ведомство.

ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.