Маңғыстау атом-энергетика комбинатындағы ахуал ерекше бақылауда

Ulysmedia

Маңғыстау атом-энергетика комбинатында апат болды. "МАЭК"ЖШС баспасөз қызметі жағдай ерекше бақылауға алынғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

МАЭК

“МАЭК" ЖШС жылу энергетика станциясы жедел персоналы 24 қаңтарда турбоагрегат мойынтірегіндегі дірілдің ұлғаюына байланысты №1 энергоблокты түсіріп, мәжбүрлі түрде тоқтатты. Өңірдің энергия тапшылығына байланысты мұнай саласының ірі тұтынушылары шектелді", - дейді компания.

Электр станциясының мамандары ақаудың себебін анықтаған.

"Жағдай ерекше бақылауға алынды. Комбинат қызметкерлері жұмысты қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсады. Энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды", - дейді ведомство.

27 қаңтарда №1 энергоблок жұмысқа қосылды. Оның жүктемесі 150 МВт. Қазіргі күні Маңғыстау облысының тұтынушылары "МАЭК" ЖШС тарапынан электр және сумен қамтамасыз етілуде.