Атырауда былтыр 2253 әйел түсік жасатқан

Оралхан Қожанов

Атырау облысында соңғы үш жылда түсік жасатқан әйелдер саны артып отыр. Былтыр 2253 әйел осындай қадамға баруға мәжбүр болған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, бұған әлеуметтік және денсаулықтағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Некесіз жүктілік те осында қадамға баруға мәжбүр етеді.

«Мәселен, 2021 жылы – 1951, 2022 жылы – 1815, ал, былтыр 2253 әйел жасанды түсік жасатуңа шешім қабылдады. Ал, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсік жасату дерегі 2,5 есеге азайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылы — 13, 2022 жылы — 14, өткен жылы 5 жасөспірім түсік жасатты», -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Естеріңізге салсақ, былтыр Жаңатаста мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатып, қоғамды дүрліктірген болатын.