Ақмолада жылқылар аштан қырылып жатыр

Оралхан Қожанов

Ақмола облысында жаппай мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Жылқылар аштан қырылып жатыр. Себебі қыста жаңбыр жауып, жер беті тоң болып қатып қалған. Одан қалды боран да артық қимылға мүмкіндік бермей тұр.

КТК арнасының мәліметінше, салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елді мекендерде қайталанып жатыр.

Жергілікті жылқышылар көмек сұрауда.

Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Бүкіл жылқышылардың жанайқайы бұл. Көмек сұраймыз! – деді жылқышы Темірбек Ғалымов.

Жергілікті билік үнсіз. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұдан хабардар ма екен?

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Төрткөл ауылында жылқы қырылып жатқаны мәлім болған-ды.