Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезінде млрд теңге жымқырылған

Сырым Қаржас

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында қомақты қаражат ұрланғаны анықталғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Прокурорлар «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтаған.

– Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.