Қарағандыда атыс болды

Ulysmedia

Инстаграм желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында екі ер адам арасында жанжал болып, соңы қарудан оқ атумен аяқталғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Видеодан екі ер адам арасында дау-дамай туындағанын көруге болады. Сөзге келіспей қалғандар соңында төбелесе бастады. Нәтижесінде олардың бірі қару алып шығып, қарсыласына бірнеше рет оқ атты. Оқиғаның неден басталғанын және жәбірленушінің жағдайы не болғаны әзірге  белгісіз. Полиция мән-жайды анықтап жатыр.

«Биыл 27 қазан күні сағат 22.10 шамасында 35 жастағы такси жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы арасында төбелес болды. Аталған жағдай полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оның себептері туралы қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.