Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Ulysmedia

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТЖМ мәліметінше, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.

Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - делінген хабарда.