Жетісу облысында мемлекеттік кәсіпорын директоры 100 млн теңге жымқырған

Ulysmedia

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК-нің бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтап, тергеп-тексерілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.