Түркістан облысында әйел мешіттен кілем ұрлаған

Ulysmedia

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 51 жастағы әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Түркістан облыстық ПД

Полицияға ұрлық туралы мешіт қызметкерлері хабарлаған.

Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен.

Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.