Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Ulysmedia

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды, - делінген облыс әкімідігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктің жеңімпазы, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Соңғы уақыттарда спортшылар саясатқа мойын бұра бастаған сияқты. 

Күні кеше ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Василий Левиттің Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған еді. Ал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды.