Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндірілді, деп жазады Ulysmedia.kz.
2500 гектар алаңдағы өрт 9 наурызда сағат 18.30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де өрт толық сөндірілген.
Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО 60 жуық адам, 21 техникасы жұмылдырылды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отырғанын жазған едік.