Жетісу облысында мектептерде тамақтануға негізсіз қаражат төленген

Ulysmedia

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: fonoteka.top

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген, - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар облыстағы барлық мектепте анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.