Елімізде бәрі орташа алғанда 30 және одан көп пайызға қымбаттады. Атап айтсақ, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары және азық-түлік бағасы өсті. Бірақ «Арай» кооперативінің фермерлері бағаны төмендетіп, картоп, қырыққабат пен басқа көкөністі әр тұтынушы үшін қолжетімді ету жолын тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Халқының саны шамамен 68 мың адамды құрайтын Степногорск шағын қаласының қарапайым тұрғындары өздерін көкөніспен өз күшімен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандықтар картопты 250 теңгеге сатып алып жүргенде, степногорлықтар оны екі есе арзан алып жүр. Жергілікті фермер Гүлмайра Баймақова «Бастау бизнес» жобасымен білім алып, түрлі ауылдағы адамдармен тәжірибе алмасты. Осылайша, «Арай» кооперативімен бірлесіп, «Егіс алқабынан дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өндірушілер мен соңғы тұтынушы арасындағы делдалдарды жою мәселесін көтерген болатын. 120 теңгенің өнімі қолдан қолға өтіп, сатып алушыға 500 теңге бағамен жетеді. Степногорсктің барлық көкөніс өнімі елорда немесе оңтүстіктен келеді. Сол кезде Баймақова үйіңнің қасыңда көкөніс өсіру үшін құнарлы жер мен қолайлы климат болса, артық ақша төлеу не керек деп ойлады.
«Біз үшеуміз, көктемде осы алқапқа келдік, ол жартылған еді. Жігіттер бұнда көкөніс өсіруге келмейді, су жоқ деді. Бірақ тамшылап суару өткізуге болатын мемлекеттік бағдарлама бар екен. Біз кәсіпкерлер палатасында жұмысты талқыладық. Әкімдік бізді қолдады. Бірінші жылы тәуекел етпедік, 0.5 га алдық. Қырыққабат, сәбіз, қызылша, кинза, көк шөптің түрлі түрін ектік. Бәрі өспейді деп ойладық. Бірақ өсті», - деді Баймақова.
Келесі жылы фермерлер 35 мың тұқым қырыққабат егіп, оларды бірден сатып әкетіпті. Алқапта әжелер жиі алатын кішкентай қырыққабаттар ғана қалыпты. Олар төмен температураға шыдамды.
Бұған қоса 25 мың тұқым қияр егілді. Олардың арасына ноқат, бұршақ пен картоп отырғызылды.
«Шымкенттен ирандық тамшылап суару құрылғысын сатып алдық. Келесі жылы кішкентай трактор алғымыз келеді», – деді Гүлмайра Баймақова.
Фермерлерде барлық жәрмеңкеге қатысуға ынта мен күш пайда болды. Баймақованың айтуынша, көкөніс бағасы біршама арзан, сапасы да жақсы. Сондықтан сатып алушылар да жеткілікті. Яғни, сұраныс бар.
Кооперация кеңейіп, өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Олар Степногорскті толық қамтамасыз ету үшін 60-100 га егу керек дейді. Сонда газельдерге өнімдерді басқа қалалардан әкелу тиімсіз болады. Болашақта базар ашу, сақтау қоймаларын жасау, шағын өндірістер бастау да жоспарда бар.
Тұрақты түрде үш адам жалданып жұмыс істейді. Егін жинау кезінде 8-10 адам шақырылады. Құс өсіруді де жоспарлап отыр екен.
Фермер Бахром Андақұловтың Степногорскте екі көкөніс дүкені бар. Ол да алқапта жұмыс істейді. Ол өз ісіңді жақсы көрсең, жұмыс істеу ауыр емес дейді.
«Біз бұрын тауарды Астана, Павлодар, Көкшетау мен оңтүстіктен әкелетінбіз. Қазір көкөністі тікелей алқаптан сөреге жеткізетіндіктен баға да төмен», - дейді фермер.
Сондай-ақ ол демалыс сайын әйелімен бірге тауарды жәрмеңкеде сатады. Арзан өнімге сұраныс бар дейді фермер.
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мұқатов аталған жобаны бастаған кәсіпкерлер белсенді, әрқайсы әр салада мықты дейді.
«Біз кәсіпкерлердің идеясын қолдап, меморандум бекіттік. Біз тек бәсекелес ортада бағаларды тұрақтындыра аламыз», - деді ол.
Кооператив фермерлері екі жыл бойы жұмыс істейді және олар өз еңбегімен қаланы арзан көкөніспен қамтамасыз етуге болатынын көрсетті.