Түркістан облысында жоғалған бес жасар баланың денесі судан табылды

Сырым Қаржас

Қайғылы оқиға Келес ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

 

Төтенше жағдайлар министрлігі 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында, 2019 жылғы бала сағат 15:00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды.

Кейбір ақпараттарға сәйкес, баланың аяқ киімі суару каналы маңынан табылған.

Ал бүгін сағат 16:40-та іздеу тобы жоғалған бүлдіршіннің денесін үйден 2 км қашықтықтағы судан тауып, сыртқа шығарды.

Іздеу жұмыстарына 93 адам, 4 ТЖД техникасы, және полиция жұмылдырылды.