Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде Шемонаиха қаласының әкімін "патшаға" теңеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің бұл пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгенін айтқан.
Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша, – деп жазған әйел желідегі пікірінде.
Әкім бұл сөздер оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.
Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын, – делінген әкімнің арызында.
Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.