Ақтөбе әуежайын тасқын су басты

Ulysmedia

Ақтөбедегі әуежайдың жұмысына еріген су әсер етті. Су тасқынына байланысты әуе айлағы ұшулар үшін жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Әуежайдың баспасөз қызметі ағымдағы ұшу кестесін әуежай немесе авиакомпанияның ақпарат қызметінен тексеру қажет екенін атап өтті.

Ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты әуежай сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды, – деп мәлімдеді Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.

Келесі рейстер кейінге қалдырылды:

SCAT/DV496/ Стамбул - Ақтөбе;

SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана;

FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы – Ақтөбе;

FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе – Алматы;

QAZAQ AIR/IQ399/ Астана – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе – Атырау;

QAZAQ AIR/IQ396 Атырау – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе – Астана;

AIR ASTANA/KC863/ Алматы – Ақтөбе;

AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;

SCAT/DV5263/ Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе;

SCAT/DV5264/ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх;

SCAT/DV721/ Астана – Ақтөбе;

SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.

Еске салайық, Жем қаласында бұрынғы аэродромға апаратын көпір опырылып қалды.