Биыл Шығыс Қазақстанға 160 мыңнан астам турист барған

Ulysmedia

Шығыс өңіріне биылғы маусымда 160 мыңнан астам турист барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, өңірде негізінен үш туристік бағыт бар. Қатонқарай, Бұқтырма және Алакөл. Облыстық туризм басқармасының мәліметінше Алакөлдің шығыс жағалуындағы демалыс нысандары толық жұмыс істеген. Туристердің басым бөлігі өз еліміздің азаматтары. Пандемияға дейін жаз маусымында жарты миллионға жуық турист келетін еді. Соңғы екі жылда бұл сала айтарлықтай тұралады. Тек «Ашық» жүйесінің енгізіліп, кейбір талаптар жеңілдегеннен кейін ғана жағдай  жақсарып келеді. Өскемен мен Үржар ауданындағы әуежай жөндеуге жабылған кезде алыстан келетін туристедің саны қысқарған.

«Былтыр Алакөлде 50 мыңға жуық адам өтті. Ресми статистика бойынша. Бірақ біз мониторинг жасап отырғанда одан да көп болған. СКЛ Енді биылғы жылы 2 есе облыс бойынша, ал Алакөл бойынша екі жарым есеге көбейеді, деген алдын-ала монитоингтің қорытындысы бар», - делінген облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақов.