Қызыл қоқиқаздардың видеосын жариялаған Әділет Рахметолла құстарды шамамен 1,5 км қашықтықтан түсіргенін атты деп хабарлайды ulysmedia.kz.
- Әділет, қоқиқаздарды түсіруге біреу тапсырыс берді ме?
- Жоқ, ешкім тапсырыс берген жоқ. Жол-жөнекей көріп, түсіріп алдым. Бұрын Маңғыстау өңірінде қоқиқаз бар дегенді еститінмін, осы сапарымда бірінші рет куә болдым.
- Әділет, бізге бұл құстарды қалай түсіргеніңіз қызықты болып тұр. Өйткені, қоқиқаздарға жақындау мүмкін емес білеміз. Ұшып кетеді ғой?
- Алыстан алатын объектив арқылы дронмен түсірдім. Шамамен 1,5-2 км қашықтықтан. Қыркүйек айының соңында Ақтауға барған сапарымда түсірілді. Естуімше, қазір қоқиғаздар Каспийден ұшып кеткен.
Дәл осы бейнеролик бойынша еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Нысанбаевқа хабарласқан едік. Эколог маманның айтуынша, құстарға жақындау мүмкін емес, олар өте үркек келеді.
«Ал қоқиқазды кез-келген адам фотоға, видеоға түсіре алмайды. Кезінде өзім министрлікте жүргенде Қорғалжын көліндегі жылқұстарын бақылауға барып жүрдік. Оларға жақындау мүмкін емес. Тек 500-600 метр қашықтықтан арнайы дүрбімен қарайтын едік. Қазіргі фотоаппараттардың техникалық мүмкіндігі мол ғой. Каспийдегі қоқиқаздар олар тек аялдайтын құстар. Көп тұрақтамайды. Қоқиқаздардың Қазақстандағы популяциясы негізінен Қорғалжын өңірінде. Сол жерде балапан басып, көбейеді», -деді Ерлан Нысанбаев.
Маманның сөзінше, Қорғалжында қоқиқаздарды видеоға түсіру үшін, арнайы қорықшылардың рұқсаты керек. Түсірілім кезінде олар бірге еріп жүреді. Құстар шошып, өз мекенін тастап кетпеу үшін бұл маңызды.
Кеше ulysmedia.kz Көз тоймайтын көрініс: Ақтаудағы қызыл қоқиқаздардың видеосы туралы ақпаратпен бөліскен. Кәсіби оператор мамандар видеоның қандай қашықтықта түсірілгеніне өздері баға бер жатар. Ал Ulysmedia.kz-ке деректі фильмдер түсіретін таспагер Асанәлі Әшімның айтуынша, кәсіби дронды ең алыс дегенде 500 метрден қолдануға болады. Ал қоқиқаздар түсрілген видеода қашықтық шамамен 200-300 метрді құрайды.
Еске салсақ, Ақтауда алғаш қоқиқаздардың видеосын дронға түсіріп танылған Азамат Сәрсенбаевқа инспекция ескерту жасап, айыппұл салмақ болған. Халық жаппай тараған видео Қазақстанды әлемге танытты деп араша түсіп, блогерді қорғап қалған болатын.