Ойыннан от шықты: оқушылар үйдің шөбін өртеп жіберді

Ulysmedia

Екі оқушы ойнап жүріп, 12 арба шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылы 1  қараша күні Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде балалар өзге тұрғынның шөбі өртеді.

«Тергеу анықтағандай, 2 және 3-сыныптың екі оқушысы өрттің шығуына себепкер болған. Олар ойын кезінде бір үйдің ауласында абайсызда шөпті өртеп алды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Балалардың сіріңкемен ойнауының салдарынан 12 шөп арбасы жанып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 720 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Балалар келтірген шығынды олардың  заңды өкілдері өтейді.