Алматы облысының тауларында сел түсуі мүмкін

Сырым Қаржас

Алматы облысының тауларында сел жүруі ықтимал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Синоптиктер Алматы облысының тауларында сел ағынының жақындауы мүмкін екенін ескертеді. "Қазгидромет" 17 мамырда сел жүретіні жайлы ескерту жасады.

– 16-17 мамырға қараған түні қатты жауын-шашынға байланысты Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендерінде жергілікті сел ағындарының пайда болу қаупі бар, - делінген хабарламада.

Аймақтағы тұрғындар мен туристерге бүгін таулы өзендерден аулақ жүру керектігі ескертіледі.