Оралда алты айлық сәби түйреуіш жұтып шетінеп кетті

Ulysmedia

6 айлық сәби 9 қараша күні түйреуіш жұтып, шетінеп кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-нің мәліметінше, ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, бірақ ведомство мәліметтерді жарияламады.

Полиция департаменті мұндай оқиғаның болғанын хабарлады.

«Алты айлық сәби 9 қарашада шетінеп кетті, қазір сараптамалар жүргізілуде. Адам өлімі фактісі бойынша іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.