Ақтөбеде 25 келі есірткі сақтағандар ұсталды

Ulysmedia

Ақтөбеде есірткі сатушылардан бес келі гашиш тәркіленді. Сонымен қатар, қылмыстық топ мүшелерінен 25 келі марихуана табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер жеті адамнан құралған қылмыстық топты ұстаған. Ұзақ уақыт бойы олар есірткіні тасымалдаумен, сақтаумен және ірі көлемде сатумен айналысып келген.

Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 25 келі, гашиштің жалпы салмағы бес келіден асады.

«Жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді», - деді полиция.