Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты

Ulysmedia

Төтенше жағдай кеше 15.00-де болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 13 қарашада болған.

«Оқиға туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын шаршы метрлік қоймадан өрт шыққан», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те сөндірілген. Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.