Алматы облысында бір отбасы мүшелері батпаққа батып, мерт болды

Ulysmedia

Алматы облысында батпаққа батып кеткен көлік ішінен бір отбасының мүшелері – әке, анасы және қызы табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: instagram

Бұл туралы Инстаграмдағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Алдымен 14 қараша күні skoda superb көлігінде болған үш адам жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланды. Отбасы Алматы қаласынан Үштөбеге қаласына жолға шыққан. 19:00-де Талдықорған жеріне өткеннен кейін байланысқа шықпаған.

«Кешеден бері із-түссіз жоғалып кеткен бір отбасының адамдары Үштобе тасжолының бойындағы батпақтың ішінен автокөлікпен бірге табылды. Үш адам мерт болды», - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастағы жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалып, батпаққа батып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші және оның 47 жастағы жұбайы мен 19 жастағы қызы ажал құшты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.