Семейде құрылыс алаңынан мәйіт табылды

Ulysmedia

Семейдегі құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс алаңынан адам сүйегінің табылуына байланысты тергеу амалдарын бастады.

«14 қараша күні Семейдегі Новостройка ауданында адам сүйегі табылды. Қазіргі уақытта аталған факті қалалық Әуезов полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.