Тағы 30 жүргізуші тергеу изоляторында сот шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
БҚО бойынша қылмыстық атқару-жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 48 адам жазасын өтеп жатыр. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша жазаларын өтеуде. Тағы 30 адам тергеу изоляторына қамалып, сот шешімін күтіп отыр.
«Мас күйде көлік жүргізген 48 жүргізуші алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар РУ-170/2 және РУ-170/3 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
Заң бұзушылардың жас шамасы 22-55 жас аралығында.