Қостанай облысында өрт салдарынан бала мерт болды

Ulysmedia

24 қараша күні Қостанай қаласындағы алты пәтерлі тұрғын үйдің №5 пәтерінен өрт шығып, 7 жастағы бала мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

turanpress.kz-ның мәліметінше, өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан күйік шалған үй иелері ауруханаға жеткізіліп, олардың 2014 жылғы баласы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.