Семейде із-түссіз жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Ulysmedia

24 қараша күні әлеуметтік желілерде 16 жастағы жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабар тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

YK-news.kz-ның мәліметінше, 2005 жылғы бала 24 қараша күні сағат 17:00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейінірек әлеуметтік желіде жарияланған хабарламаның астында оны мерт болғаны туралы ақпарат жазылды. Полиция қызметкерлері бұл ақпаратты растады.

«Аталған факті бойынша Жарма аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.