Атырау облысында 7 баланың анасын пышақтап өлтірді

Ulysmedia

25 қараша күні түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында көпбалалы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

azh.kz-ның мәліметінше, 35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақатының салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болды. Қылмыстың себебі анықталуда. Қайтыс болған әйелдің артында жолдасы, жеті баласы қалды. 

Осы қылмысқа қатысты деген күдікті, Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамауға алынды. 

Облыстық ПД баспасөз қызметі нақты ақпаратты кейін айтатынын мәлімдеді.