Адам қорлады деген күдікті Ақтөбедегі тергеу изоляторынан қашып кетті

Ulysmedia

ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Зорлау» бойынша сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-нің мәліметінше, ер адам ғимараттың қабырғасын жұлып алып, шатырға шығып, сол жерден секіріп кеткен. Бір сағаттың ішінде тергеу изоляторының жанынан ұсталды.

«Осы факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару комитеті қызметкерлері анықтайды. Оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады», - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.