Алматы облысында өрт салдарынан 34 адам баспанасынан айырылды

Ulysmedia

Кешке Төңкеріс ауылында бір қабатты сегіз пәтерлі үй өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Үйдегі өрт 30 қарашада сағат 18:15-те басталған. Ғимараттың жалпы ауданы – шамамен 288 шаршы метр. Алты пәтер өртенсе, қалған екеуінде өрт төбесін шарпыған.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талғар тұрғындары ғимараттан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Үйде 34 адам тұрып жатқан, оның 17-сі – бала.

«Оқиға орнына бірден Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов келді. Қазір өрттен зардап шеккендер туыстарының үйлеріне орналастырылды. Бірақ өтініш түскен жағдайда уақытша пәтерлерге орналастыру мәселесі шешіледі», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталуда.