Бәске тігілген бюджет. Ақтөбенің спорт мектептеріндегі былық

Әлихан Асқақ

Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражатын бәске тігіп, ұтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ЖЫМҚЫРУ

Ақтөбе облысының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджетке түсуге тиіс спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталғанын мәлім етті.

Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыс 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

БӘСКЕ ТІГІЛГЕН БЮЖЕТ

Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз жұмсаған.

Бұл қаражатты мектеп басшылары өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі бәске тіккен.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталған.

ТЕКСЕРУ

Анықталған барлық факті бойынша прокуратура ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сонымен қатар, тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылған.