Атырау облысында балықшылар ерекше балық аулап алды. Қабыршағы жоқ, жылан тәрізді мақұлықты балық деп айтудың өзі қиын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
atpress.kz-ның мәліметінше, су мақұлығы Қиғаш өзенінде кәсіп қылып жүрген балықшылардың көзіне түскен. Бұрын-соңды мұндай балық көрмегендер ихтиолог мамандардан сұрап, оның минога деген балық екенін анықтапты. Минога ағыссыз тыныш суларды мекендейді. Негізінен Ресейдің солтүстігінде, Швеция, Финляндия мен Балтық маңы өзендердінде жиі ұшырасады. Өзен миногасы таза суда өмір сүретіндіктен оны «судың экологиялық жағдайының көрсеткіші» деп те атайды.
«Біреуіміз өзеннен ескі етік тауып алып, қоқысты су қоймасынан шығаруды ұйғардық. Жылан тәрізді балықтар соның ішінен шықты. Алғашында жылан деп ойлағанбыз, мұқият қарап шыққаннан кейін оның жыланбалық тәрізді балық екенін түсіндік. Олардың біразы жорғалап кетті. Біздің өзеннен мұндай балықты көрмеген едік, - дейді балықшы Дмитрий Соколинский.
Балықтар үнемі көзге түсе бермейді, лайға жасырынып тұрады. Түрі қорқынышты болғанымен минога адамға еш қауіп төндірмейді. Балықтың бұл түрі қазір жойылып бара жатқандықтан, Қызыл кітапқа енгізілген. Оның Қиғаш өзеніне қалай тап болғаны белгісіз.