Полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізу нәтижесінде көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, ер адам 2 желтоқсан күні 03.20-да мас күйінде бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке барған.
«Жұбайынан өш алу үшін мектептің кіреберіс есігінің сыртқы жағын дизель отынын құйып, өртеп жіберген. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Әкімінен сағат 03.30-да Новопокровка ауылының мектебінде белгісіз адам кіре беріс металл есікті өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түскен болатын.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 202-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.