Павлодар облысындағы «Ақсу» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Ulysmedia

Марат Еслямовтің еңбек келісімінің мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Команданың баспасөз қызметінің мәліметінше,  «Ақсу» футбол клубы Марат Еслямовқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

«Бұл жаттықтырушы Бірінші лигада алтын медаль жеңіп алып, өз есімін клубымыздың тарихына мәңгілікке жазып қалдырды», - делінген ФК хабарламасында.

Жаттықтырушылар штабының алдағы барлық өзгерістері туралы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Ақсу» ФК Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған болатын.