Қорғаныс министрлігі бізге қауіп жоқтығын айтқан – Ильин Жамбылдағы жарылыс жайлы

Аян Өрібай

Жамбыл облысындағы жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапқан. Қазір осы іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай жағдайлар қайталанбас үшін қандай шара қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Жамбылдағы жарылыс кезінде немқұрайлылықтың салдарынан 17 адам қайтыс болды. Жүзге жуық адам түрлі жарақат алды. Бір өрт сөндіруші із-түссіз жоғалды. Күні бүгінге дейін сол жарылыстың себебі және оған жауапты не мекеме не лаузаымды адамдардың аты аталған жоқ. Жағдай қайталанбас үшін сіздің министрлік қандай шараларды қолға алуда? Қайталанған жағдайда өрт сөндірушілер қандай іс-әрекет жасауы керек?» - деп сұрақ қойды министрге депутатар Мәжілісте.

Бұл сұраққ жауап берген Юрий Ильин қайтыс болған 17 адамның ішінде оны – біздің төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері екенін мәлім етті.

«Бүгінгі күні әлі іздестіріліп жатқан адам – Қорғаныс министрлігінің қызметкері. Бұл оқиға шынында да қайғылы жағдай. Мемлекет басшысының өзі де бұл туралы айтты. Өрт шыққан кез келген орынға барған кезде ТЖ қызметкерінің міндеті – өртті ауыздықтау, оның таралуына жол бермеу. Бірақ өрт шыққан орынға бармас бұрын барлау жұмыстары жүргізіліп, сол нысанның басшылығынан жауап алынады. Бұл жағдайда нысан басшылығының, Қорғаныс министрлігінің басшылығының мәлімдемесі бойынша жоғары температура кезінде жанып кететін тротилден басқа ешқандай қауіптің жоқтығы айтылған. Жамбыл облысының өрт сөндіру қызметі осы ретте көрші қоймаларды салқандату жұмыстарына кірісіп кеткен. Алайда тергеу амалдары қазір анықтағандай, қоймалардағы тротил детонацияға өрт шыққан. Мұның салдары жарылысқа апарып соқты», - дейді ол.

Юрий Ильин кім кінәлі екенін сот қана шешетінін айтып өтті. Ішкі істер министрлігі мұны тексеріп жатыр. ТЖ қызметкерлері тергеу тобына көмек көрсеткен.

«Мұндай жағдайларға жол бермес үшін Қорғаныс министрлігімен бірге жарылатын заттарға ғылыми және зертханалық сынақ жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді ол.