Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы сотқа дейінгі 354 тергеп-тексерулер тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тәркіленген есірткі және психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 келіден асқан.
Прокурорлардың бастамасымен 11 сайт пен сілтеме бұғатталып, көшедегі есірткі жарнамасы бар 527 граффити өшіріліп, марихуана өсіретін фито зертханалары жойылған.
Құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері есірткі зертханаларын анықтау және арналарының жолын кесу, сондай-ақ нашақор азаматтар санының азаюы, – деп атап өтті облыс прокуроры.
Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыда есірткіні жарнамалайтын оннан астам телеграм-арнаның бұғатталғаны туралы хабарлағанбыз.