Өскеменде 1 млрд теңгеге Тәуелсіздік монументі орнатылды

Ulysmedia

Өскемен әкімдігінің хабарлауынша, 11 желтоқсанда ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Нысанды алматылық компания – «GEMBA» ЖШС салған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы көп фигуралы «Тәуелсіздік монументі» мүсін композициясы» нысанын салу мен аумағын абаттандыруға жасалған шарттың жалпы сомасы 959,9 млн теңге.

Оның ішінде сметалық есеп бойынша 829,5 млн теңге – құрылыс жұмыстарына, 5,9 млн теңге – жобалау және сараптама жұмыстарына, 36 млн теңгеден астамы – инжирингтік қызметтерге жұмсалған. Жұмыстар тізбесіне сыртқы электрмен жабдықтау, су жылыту, кәріз желілері, коммуникация желілері, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары енгізілген.

Аймақ басшысы Даниал Ахиметовтің айтуынша, монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Екі жағында Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңдар жинағының үзінділері жазылған. Монументтің басында Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек бейнелері орналасқан.