Атырауда жүкті әйел көпірден секіріп кетті

Ulysmedia

Бүгін Атырауда жүкті әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

«Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атыраудағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді» делінген ақпаратта.

Көпірге келген патрульдік полиция қызметкері секірмекші болған әйелмен сөйлесіп, өз-өзіне қол салу ойынан қайтарғысы келген. Алайда, ол сөзге құлақ аспай, секіріп кеткен.

Алайда, оқиға орнына дер кезінде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері полиция лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев пен полиция сержанты Айбат Джаубаев көпірден секірген қыз баланы құтқарып қалды.

Қазіргі таңда, қыз бала жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.