Тағы да аялдама құлады. Бұл жолы Ақтауда – зардап шеккендер бар

Әлихан Асқақ

Қатты желдің салдарынан Ақтауда аялдама құлап, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Полиция автобус аялдамасының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Куәгерлер жәбірленушіге медициналық көмек көрсетті.

Ақтау полициясы қаланың 1 шағын ауданындағы аялдама павильонының құлағанын растады.

Салдарынан бір адам зардап шекті. Қазіргі уақытта облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізілуде, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Естеріңізде болса, кеше Астанада да аялдама құлап, үш адамды басып қала жаздағаны туралы жазған болатынбыз.